Қазақстандағы халық саны 20 млн-ға жақын қалды

308

Еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.

Статистикалық дерекке сүйенсек,  жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 1 2 297 100 адам  қалада тұрады. Ал 38,14 пайызы немесе 7 581900 адам ауыл тұрғындары.

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға келгендер саны 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 91,8 пайызға артқан. Ал елден кеткендер саны 45 пайызға азайды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде.

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі – 89,5 және тиісінше 72,1 пайызды құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,6 пайызға азайды.

Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң көрсеткіші еліміздің 3 мегаполисінде байқалды. Олар: Алматы (12 145 адам), Астана (11 424 адам) және Шымкент (571 адам).

Алдыңғы пост
Әл фараби ауданында 800-ден аса көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған
Келесі пост
Шымкентте сауда дүкені мен қойма отқа оранды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu