148
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
«Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 284 487 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 820 204 адамды немесе 63,66% құрады»,- делінген хабарламада.
«Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?» деген сұраққа «Иә, келісемін» деп дауыс берген азаматтардың саны 5 561 937 немесе 71,12% құрады.
Ал, 2 045 271 қазақстандық қарсымын деп дауыс берген. Сондай-ақ, 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған.
Айта кетейік, жалпы елімізде 10 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Шетелде 74 сайлау учаскесі ашылған болатын.