Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәйіт доноры болуға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мәйіт доноры көптеген елде бар проблема. Өйткені, ағзасын ауыстыруға мұқтаж жандар өте көп.
“Мәйіт донорлығы көптеген елде бар проблема. Мұндағы мәселе медицинаға емес, моральдық-этикамен байланысты. Халық өмірден өтсе де, оның ағзасы белгілі бір уақытқа дейін жұмыс істей беретінін түсінуі керек дейді министр.
Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрлігінде электронды регистр бар. Онда кез келген азамат электронды үкімет арқылы өзінің пікірін білдіре алады. Бүгінде 40 мың қазақстандық бұл мәселеге пікір білдірдіоәп үлгерді. Оның 15 пайызы өмірден өткесін ағзағасын беруге келіскен екен.
Енді министр, осы бағытта ақпараттық жұмыстарды күшейтеміз деп отыр.