«Көлік ұттыңыз». Шымкенттік полицейлер алаяқтардың сall-орталығын анықтады

238

Шымкенттік полицейлер интернет алаяқтардың сall-орталығын анықтады. Кеңседе 561 адамның анкетасы табылған.

Интернет-алаяқтар туралы арызымен полицияға Абай ауданының тұрғыны жүгінген. Арызданушының айтуынша, оған белгісіз нөмірден ер адам қоңырау шалып, құны 12 млн теңгені құрайтын жаңа Hyundai Accent автокөлігін ұтып алғанын хабарлап құттықтаған. Қоңырау шалушы өзін тұтынушылар арасында ұтыс ойынын өткізіп жатқан желілік компанияның қызметкері ретінде таныстырған. Оператор жеңімпазға басты ұтысын алу үшін белгілі бір сайт арқылы оның көрсеткен шотын толтыру қажеттігін айтқан. Осылайша сенгіш азамат 4 миллион теңгеден астам шығынға тап болды.

Полицйлер оның арызын Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тіркеді. Күдіктілерді анықтауға Шымкент ПД криминалдық полиция басқармасының интернет-алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі жедел-тергеу тобы жұмылдырылып, Тараз қаласынан күдіктілер ізі анықталған. Бұл қала аумағында олардың “кеңсесі” табылған. Нәтижесінде сегіз адамнан тұратын киберқылмыскерлер тобы ұсталды. Арасында ең үлкені – 28 жаста, кішісі 18-де. Ұсталғандардың барлығы бұрын түрлі желілік дүкендердің call-орталықтарында оператор қызметін атқарған.

Белгілі болғандай, күдіктілер жұмысқа арналған орынды бизнес-орталықтардың бірінен жалға алған. Кеңседен 19 мобильді құрылғы, 13 ноутбук, жалған құжаттарды басқаруға және ақша қаражатын есептеуге арналған жүйелік блок, жәбірленушілермен сөйлесуге арналған жадынама және 561 адамның анкеталық тізімі тәркіленді.

Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті алаяқтық топтың арбауына алданған басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізуде. Тәртіп сақшыларының болжауынша, бұл қылмыстық топ мүшелерінің құрбандары тек Шымкентте ғана емес, өзге де өңірлерде болуы ықтимал.

Алдыңғы пост
«Бозарық» пен «Жұлдыз» республикалық индустриалды аймақ мәртебесін алмақ
Келесі пост
Жаңаөзендегі жарылыс. Қаза тапқандар саны 4 адамға жетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu