Баланы қолдау – болашақты ойлау

620

Он жылдан  бері елімізде мүмкіндігі шектеулі және ерекше педагогикалық тәрбиеге зәру балаларға қолдау көрсетудің инклюзивті бағдары, яғни, ерекше педагогикалық қажеттілік талқыланып, біртіндеп енгізіле бастағаны белгілі. Десе де,әлі күнге дейін ресми білім беру жүйесі мұндай балаларға қолдау көрсетуді толық атқара алмай отыр. Сондай-ақ кемтар балалармен жұмыс жүргізудің бірыңғай жүйесі әлі де пысықтауды, жетілдіруді талап етеді.

Осыған орай, Шымкентте өсу, дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.  Қалалық білім басқармасы тарапынан бұл салада бірнеше бағытта іс-шаралар қолға алынған.

Атап айтқанда, «2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша өңірлік жол картасының» жоспарына сәйкес, қыркүйек айында психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес және бір психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жоспарланған. Сонымен қатар, №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында ресурстық кабинеті қызмет көрсетуде.

Бұдан бөлек, қалада ерекше күтімді қажет ететін балаларды қоғамға тартып, олардың арасында дарынды жандарға қолдау көрсетуде түрлі мәдени іс-шаралар өтіп тұрады. «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында қалалық «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Шексіз шығармашылық» байқауы ұйымдастырылды. «Тең мүмкіндіктер әлемі» «Қоғамға қызмет» жобасы аясында «Өнерліге нұр жауар», «Juldyzai» республикалық балалар шығармашылық фестиваліне талапты өрендер қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Айта кету керек, ерекше білім беру қажеттілігі дегеніміз – оқушының психологиялық, педаго­ги­калық және әлеуметтік көмекке деген қажеттілігі, мұнсыз тиісті деңгейде білім алу қиын немесе мүмкін емес. Ерекше білім берілуіне зәру балалар – бұл білім алуда тұрақты немесе уақытша қиын­дықтарға тап болатын балалар. Мүмкіндігі шектеулі балалар – есту, көру, сөйлеу, ақыл-ой кемістігі бар балалар.

Бұдан бөлек, жол картасына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беруді дамыту, білім беру сапасын бағалау, инклюзивті білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар енгізілген.

Алдыңғы пост
Шымкенттік кәсіпкерлер балық шаруашылығын дамыту үшін барын салуда
Келесі пост
Қазақстандықтардың көбі қандай спорт үйірмелеріне барады?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu