Банк алдындағы несиесін өтей алмаған 12 қазақстандық өзіне қол жұмсады

190

Елімізде кредитке белшесінен батқан 12 адам, суицид жасап, көз жұмған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлады.

«Әрине, адам несие рәсімдеген кезде оны қайтару мүмкіндігін де ескеру керек. Бірақ қаржылық сауаттылықтың төмендегінінен бұған мән бермейміз. Кредит алып, қарызға белшесінен бату салдарынан және оны төлей алмағандықтан қарыз алушылардың суицидке, қылмысқа баратын деректері кездеседі. Биыл несиесін қайтара алмаған 12 қазақстандық қол жұмсап, қайтыс болды. Олар – Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстарының тұрғындары. Қыркүйектің аяғында тағы бір осындай факт БАҚ-та жарияланды», – деді Игорь Лепеха.

Айта кетейік, 8,4 млннан аса адамның банк алдында қарызы бар. Соңғы 1,5 жылда бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен.

Алдыңғы пост
Елімізде 5,5 мыңнан аса адам банкрот деп танылған
Келесі пост
Шахтаға заңсыз кіріп, алтын іздеген 3 адам көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu