350
Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстандықтар банкрот деп тану туралы 68 мыңнан аса өтініш берген. Бірақ, 55 мың адамның өтініші банкроттық рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмейтіндігі анықталған. Бұл барлық түскен өтініштің 80,8% қамтыған.
«Негізгі себептер (бас тартуға) – мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкес келмеуі, қарызды кредитормен есеп айырысудың болмауы», – деді Жамаубаев.
Айта кету керек, бүгінде 8 миллиард теңгеден аса қарызы үшін 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылыпты.