Дәрігерлер 15 жасар баланың асқазанынан бір уыс шаш алды

274

Астаналық дәрігерлер сирек кездесетін Рапунцель синдромы бар науқасқа операция жасады.

Ағайынды Гримм ертегісіндегі кейіпкердің атымен аталған бұл синдром науқас шаш жұтып қойған кезде қойылады. Нәтижесінде шаштар асқазан-ішек жолында жиналып, үлкен кедергі пайда болады. Дәл осындай «шаш ісігін» Астанадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері науқас асқазанынан алып шықты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар хабарлады.

«Бұл ауру өте сирек кездеседі. Асқазанда шатасып жиналған шаштың көп мөлшері трихобезоар ауруының немесе «шаш ісігінің» пайда болуына әкеліп соғады. Асқазанды біртіндеп «бітеп», жұмысының түбегейлі бұзылуына әкеледі. Пішіні бойынша мұндай ісік асқазан пішініне дәл сәйкес келеді. Ғылыми мәліметтерге сәйкес, Рапунцель синдромы бар пациенттердің жетпіс пайызын жиырма жасқа толмаған қыздар құрайды», – деп атап өтті №2 КҚБА жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Азамат Оразалинов.

Ауруханаға түскен баланың ата-анасы алдымен ФГДС процедурасын жүргізген емхана көмегіне жүгінген. 15 жасар науқас Атырау облысынан келген.

«Науқас  тамақ ішкеннен кейін бірте-бірте іштің ауыруы мен құсуына шағымданды. Тексеру кезінде асқазанның трихобезоары анықталды. Бала біздің ауруханаға жіберілді. Жоспарлы хирургия бөлімінде Астананың бас балалар хирургы Ринат Байғыреевтың басшылығымен күрделі операция сәтті өтті» – деді Азамат Оразалинов.

Дәрігердің айтуынша, қыз балалар ұлдарға қарағанда Рапунцель синдромына жиі ұшырайды екен. Әйелдердің шаштары әдетте ер адамдарға қарағанда ұзынырақ, сондықтан асқазанның шырышты қабатында қалып қою ықтималдығы жоғары. Бала шашты жұтқан кезде ісік көлемі ұлғаяды және ол сіңірілмейтін ауқымды массаға жиналады.

«Пациенттерде трихофагия белгілерінің пайда болуын, яғни шашты жеуді түсіндіретін көптеген теориялар бар. Мысалы, бала жастағы негатив, стресс, созылмалы тамақтанбау немесе тіпті мәдени дәстүрлердің әсері де болуы мүмкін. Трихофагия және пикацизм (тәбеттің бұзылуы және жеуге жарамсыз заттарды жеуге деген бақыланбайтын тілек) денесінде темір жетіспейтін адамдарда кездеседі. Ғылымдағы зерттеуге сүйенсек, пациент құрамында темір бар препараттарды қабылдағаннан немесе целиак ауруын емдегеннен соң ғана шаштың түсуі және оны жұту тоқтаған. Бұл аурудың ықтимал себептерін болдырмас үшін міндетті түрде психологтың кешенді көмегі қажет. Өкінішке орай, көп жағдайда хирургия асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалпына келтірудің жалғыз тиімді әдісі болып қала береді», – деп қосты дәрігер.

Алдыңғы пост
Шымкентте қатты жел ертең де жалғасады
Келесі пост
Ер есімі — Ел есінде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu