Шымкентте қатты жел ертең де жалғасады

158

Қазгидрометтің хабарлауынша, Шымкент қаласының аумағында 3 мамырдан бастап желдің жылдамдығы күшеюі туралы дауылды ескерту жарияланған. Синоптиктер дауылды жел 5 мамырға дейін жалғасады деп отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, яғни қатты желдің (екпіні 12 м/с дейін) салдарынан Темірлан тас жолында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің қасбеттік бөлігінің қаптамасының шамамен 6 шаршы метр аумақта жартылай бұзылуы орын алды. Адамдарға конструкциялардың құлау қаупі болған. ТЖД қызметкерлері қаптаманың  бөлігін бекіту бойынша жұмыстар жүргізді. Азаматтарға қауіп жоқ.

Ал бүгін, 4 мамырда сағат 12:20-да Әл-Фараби ауданындағы Қабанбай батыр мен Ерманов көшелерінің қиылысында қатты желдің салдарынан (екпіні 23 м/с дейін) жеңіл автокөлікке ағаш құлады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осы ретте қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер тұрғындардан барлық сақтық шараларын сақтауды, әсіресе жас балаларға мұқият болуды сұрайды.

Алдыңғы пост
3 жасар баланы жүк көлігі қағып, мерт қылды
Келесі пост
Дәрігерлер 15 жасар баланың асқазанынан бір уыс шаш алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu