Екі ұлы сотталған Жигули Дайрабаев депутаттық мандатын тапсыра ма?

317

Күні кеше екі ұлына қатысты сот үкімі оқылған Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаев мандатын тапсыра ма? Бұл сұрақты тілшілер Мәжілісте фракция жетекшісі Анас Баққожаевқа қойды.

«Ол депутаттық мандатын тапсырмайды. Біз оған ешқандай мін таға алмаймыз. Біріншіден: аталған істе оның жеке басына қатысты ештеңе айтылмаған. Екіншіден: оның балалары ересек адамдар. Өз істеріне өздері жауап беруі керек. Олар ауыл шаруашылығымен біраздан бері айналысып келеді, тәуекелдің барын біледі. Өздерін қорғап, өздері жауапты болуы қажет», – деді «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі.

Айта кетейік, кеше Тараз қаласының №2 сотында Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлына үкім оқылды. Оларға алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деген айып тағылды.

Алдыңғы пост
Мысық өлтірген жас жігіт жазасын қалай өтеп жүргені белгілі болды
Келесі пост
Жанармай тапшылығын қолдан жасамас үшін мұнай базаларына тексеру жүргізіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu