117
Оқиға, Оңтүстік Кореяда 6 наурыз күні орын алған. Әскери-әуе күштерінің екі KF-16 жойғыш ұшағы жауынгерлік жаттығу кезінде сырт алаңға сегіз бомба тастап жіберген. Снаряд Почхон қаласындағы үйдің маңайына түскен.
Жергілікті билік мәліметінше, жарылыстың салдарынан, сегіз ғимарат, шіркеу мен жүк көлігі зақымданған.
Сондай-ақ 15 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі әскери адам, екеуі шетелдік турист.