365
1 қазандағы есеп бойынша, Қазақстан аумағында 14 мың 534 шетел азаматы жұмыс жасап жатыр
Қазақстанда шетелдіктердің жұмыс күшін пайдаланатын 1 мың 529 жұмыс беруші бар. Оларда 471,7 мыңнан астам Қазақстан азаматы.
Айта кетейік, Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Биыл жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 мың 260 мөлшерінде белгіленді.