Шымкентте 4 кәсіпорын жұмысшыларының құқықтары тапталғаны белгілі болды. Құқықбұзушылықтарды Қаратау ауданының прокуратурасы анықтаған.
«Қаратау ауданының прокуратурасы қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде жұмысшыларға уақытылы еңбекақыларын төлеу, әлеуметтік-еңбек жанжалдарының орын алмауын және аудандағы кәсіпорындарда жұмысшылардың жаппай босатылуының алдын алу жағдайына талдау жүргізіп, заң бұзушылықтар анықтады» делінген ведомство мәліметінде.
Атап айтқанда, жұмыскерлердің еңбек заңнамасымен көзделген, соның ішінде еңбегі үшін тиісті сыйақы алу және жалақыны уақытылы алу құқықтарының бұзылу фактісі тіркелген. Талдау нәтижесі бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 4 кәсіпорын жұмысшыларының еңбек құқықтары қорғалды. Жауапты тұлғалардан 620 мың теңге айыппұл өндірілді.