329
Абай облысында 74 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалды. Әжейді облыс орталығының сол жағалауында белгісіз ер адам тонап кеткен. Полицейлердің дерегінше, қарт тұрғынды ер кісі басынан балғамен ұрып, 3 мың теңге көлеміндегі қаражатын, алтын сырғасы мен ұялы телефонын қолды еткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындады.
Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.