Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 9 мыңнан астам адам грант алды

163

Айта кетейік, жыл басынан бері 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 9 мың 93 грант берілген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтап, келісімшарттарға қол қою және грант алушыларға қаражат аудару процесі жалғасып жатыр.

Өтінімдердің ең көбі Түркістан (3,7 мың), Жамбыл (2,1 мың), Қызылорда (1,8 мың) облыстарының және Шымкент қаласының (1,8 мың), ең азы Ұлытау (120) және Қостанай (104) облыстарынан түскен. Нақтырақ айтар болсақ, гранттардың үшінші легі аясында үміткерлерден барлығы 15,5 мың, оның ішінде көпбалалы отбасылардан 9 мың, мүгедектігі бар адамдардан 3 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан 1,9 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан 771 өтініш қабылданды. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған 586 адам, 57 қандас және 196 қоныс аударушы өтініш берілген.

Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

Алдыңғы пост
Мереке күні қазақстандық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді – ІІМ
Келесі пост
Қазақстанның үш елдегі елшісі тағайындалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu