Еліміздің оңтүстік аймағында шетелдік азамат теракт ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террористік актінің алдын алды. Сонымен қатар, астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді» делінген хабарламада.
Бұдан өзге комитеттің дерегінше, осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
Аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығулары өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды.
Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді.