Кентауда онкологиялық ауруға шалдыққандар саны күрт өсіп барады

180

Түркістан облысы Кентау қаласында онкологиялық ауруға шалдыққандар саны жыл сайын артып отыр. Мұндай мәліметті Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков ұсынды. Осыған байланысты халық қалаулысы қаланы экологиялық апат аймағы деп тануды сұрап, Экология және табиғи ресурстар министріне депутаттық сауал жолдады.

Мәжілісменнің пікірінше,  Кентауды экологиялық аймақ деп тану арқылы 100 мың халықтың өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.

«Түркістан облысының Кентау қаласындағы экологиялық жағдай күннен күнге күшейе түсуде. Бұл мәселеге негізгі себептің бірі – қаланың Арал аймағына жақын орналасқандығы. Арал маңындағы қазақстандық бөліктің қарқынды шөлге айналуы халықтың әл-ахуалының қолайлы шарттарының жойылуына, атап айтқанда аурушаңдықтың артуына алып келуде. Осы себептер бойынша Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарының кейбір аймақтары экологиялық апат аймақтары болып танылды. Ал сол сәтте Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданы сол тізімге енбей қалды» делінген депутаттық сауалда.

Бұдан өзге Ұласбек Сәдібеков Кентауда аты жаман ауруға шалдыққандар саны жыл сайын артып отырғанын нақты цифрлармен келтірген.

«Қазіргі кезде Кентау қаласындағы ауа мен судың ластануынан қала тұрғындарының арасында онкологиялық аурулар да асқына түскен. Мәселен, 2020 жылы онкологиялық аурумен науқастанып, қайтыс болғандардың көрсеткіші 49,5 болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 51,5-ке көбейген. Ал, 2022 жылы 62,4 болып отыр. Әрине, бұл дабыл қағарлық мәселе деп білемін. Кентау қаласына қарасты Құсшы ата ауылындағы жолдың арғы беті экологиялық аймаққа жатса, бергі беті экологиялық аймақ деп есептелмейді. Барлық тұрғынның жұтып отырғаны бір ауа. Бәйдібек ауданында да дәл осындай жағдай бар. Сондықтан Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа жатқызуға болады деп санаймын»,-деді депутат.

Алдыңғы пост
Шымкентте перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері сотталды
Келесі пост
ҰҚК теракт ұйымдастырмақ болған шетелдік азаматты ұстады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu