Кеншілер 55 жастан бастап арнайы төлем алатын болды

294

2024 жылдың қаңтарынан бастап 55 жасқа толған кеншілерге (зейнет жасына дейін – 63) арнайы төлем беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова мәлімдеді.

«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы Сенат отырысында нақтыланып, шешім қабылданды. Яғни, 55 жастан бастап 33 мың кенші арнайы төлем алатын болды.

Бүгінде уақыт талабымен «Қоғамдық ұйымдар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туындауына байланысты, азаматтарымыздың қоғамдық құқығын одан әрі кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер беретін нормалар енгізіліп отыр. Бұл қоғамдық бірлестіктерді құруға қажет адамдардың санын 10 адамнан 3 адамға дейін төмендетуді көздейді, – деді сенатор Әсем Рахметова.

Айта кету керек, бұл төлем еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болуы тиіс. Сондай-ақ,  жұмысынан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан кезде алады деді жауаптылар.

Сонымен қатар, заң талаптарына сәйкес, төлем тағайындаудың да өзара талаптары бар.

Алдыңғы пост
Салық органдары азаматтардың мобильді аударымдары туралы ақпарат ала бастады
Келесі пост
Іздеуде болған 2,5 қылмыскер ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu