522
Түркістан облысы Кентау қаласында 3 қабатты тұрғын үй отқа оранды. Оқиға өткен демалыс күні түнгі сағат 22.00 шамасында болған.
Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 10 адам мен 4 техника жұмылдырылды.
«Көпқабатты тұрғын үйден 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт сағат 22.11-де оқшауланып, сағат 22.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелген жоқ» деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда.