Колледждерге академиялық еркіндік берілді

Теги:
255

Бұл туралы педагогтармен және студенттермен кездесуде Асхат Аймағанбетов айтты.

Елімізде 770 колледжде 488 мың студент оқиды. Білім министрі нарыққа қажетті мамандарды даярлау мақсатында мемлекеттік тапсырыстың өскенін атап өтті. Мәселен, егер 2022 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 128 мың адамды оқыту жоспарланса, 2025 жылға дейін олардың саны 165 мыңға дейін жеткізіледі.

“Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа бастама-бұл еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында колледждерге академиялық дербестік беру. Енді колледждердің өздері жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларының мазмұнын және оқу мерзімдерін анықтайды”, – деп атап өтті А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, білім беру бағдарламалары студенттерге қажетті біліктілікті алуға және қысқа мерзімде жұмысқа орналасуға, ал қажет болған жағдайда қосымша басқа біліктілік алуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұраныстарына бейімделуге мүмкіндік береді. Осылайша, колледждер жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін мамандарды дайындайды.

Сонымен қатар, министр орта арнаулы білім беру ұйымдарында 25 жыл жұмыс істеген мамандарға мемлекеттік награда берілетінін хабарлады.

Шымкент әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс МҰҚАННЫҢ басшылығымен өткен кеңес “сұрақ-жауап” форматында жалғасты.
Ата-аналар комитетінің төрағасы Айдана БАЙДОСОВА мектеп пен баланың қамқоршысы арасындағы жауапкершілік шекарасы туралы мәселе көтерді. Министр мұғалім балаға тек сабақ кезінде жауап беретінін түсіндірді.

“Баланы тәрбиелеуде ең алдымен ата-ана жауапты. Бірақ егер ата-аналар мен мұғалімдер тығыз байланыста болса, онда тәрбиенің сапасы сөзсіз артады. Ата-аналардың сабақ өткізуге кедергі жасауға құқығы жоқ. Сабаққа бөлінген 45 минуттық уақыт тек мұғалімге тиесілі. Тіпті мен, министр, мектепке келіп, сабақ процесіне араласа алмаймын”, – деді ол.

Сондай-ақ, бірнеше мұғалімдер жаңа оқу жылынан бастап Орыс тілі мен дене шынықтыру пәндерін екі сыныпқа бөлу жүктемесінің азайғанын атап өтті.

“Мен аймақтарға барғанымда, мысалы, бір мұғалім 64 сағат жұмыс істегенін немесе 16 сағаттық жүктеме бес мұғалімге бөлінгенін білдім. Екі жағдай да заңға қарсы. Әрбір мұғалім сәйкес жүктемемен жұмыс істей алады – 16 сағаттық жүктемемен бір ставка немесе 24 сағаттық жүктемемен 1,5 ставка. Сондай – ақ, жүктеме артқан сайын білім сапасы төмендейтінін ескеру қажет”, – деді министр.

Сапар барысында А. Аймағанбетов “Аружан” мемлекеттік балабақшасының жұмысымен танысып, Ұ. Жолдасбеков атындағы №9 it мектеп-лицейінің жас мамандарымен кездесті. Сондай-ақ, Оқушылар сарайында білім беру ұйымдарының басшыларымен арнайы кездесу өтті, онда олар жаңалықтармен бөлісіп, реформаларды талқылады.

Алдыңғы пост
Дабыл: Тек әрбір алтыншы қазақстандық әскери қызметке жарамды
Келесі пост
Бірден екі жүкті әйел Атырауда бір тәулікте қайтыс болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu