Үкімет отырысы: күн тәртібінде – жиын-терім және жылу маусымдарына дайындық мәселелері

139

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқаны және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері пысықталды.

Шымкент аумағында бүгінде ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі  56,6 мың га құрайды. Биыл егістік жерлердің 27,5 мың гектары игеріліп, әртараптандырудың нәтижесінде дәнді-дақылдар – 11,4 мың га, майлы дақылдар – 3,6 мың га, мал азықтық дақылдар – 8,9 мың га, картоп – 0,5 мың га, көкөніс және бақша дақылдары – 3,1 мың га алқапқа егілді. Егістіктен  87,1 мың тн. өнім жиналады деп күтілуде. Күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін дихандарға  44,3 тонна жанар-жағармай жеңілдетелген бағамен – 245 теңгеден босатылады.

Бүгінде қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Жалпы, республика бойынша 593 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 64,4%-ы жөнделген. Жұмыстар 50-ден 75% дейін орындалған өңірлер арасында Шымкент қаласы  бар. Мегаполисте қолданыстағы жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды.

№1 қазандықтың жөндеу жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.  Бөлек орналасқан 23 жылу қазандығынан бүгінде  19-ы қысқы маусымға дайын, қалған қазандықтар бойынша әзірліктер 15 қыркүйекке дейін толық аяқталады.

Сондай-ақ қаладағы 2076 көпқабатты тұрғын үйдің  жылу жүйелерінің дайындығын күшейтіп, 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

Премьер-Министр жергілікті әкімдерге тиісті министрлікпен тығыз байланысып, егістіктердегі шараларды уақтылы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жылу беру маусымында жіберілген кемшіліктерді ретке келтіріп, дайындықтарды күшейтуді ескертті.

Жалпы, қаланың қысқа дайындық жұмыстарының барысы, күзгі жиын-терімге қатысты шаралардың барлығы да М.Дүйсенбекұлының тікелей бақылауында. Бұл ретте апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Сонымен қатар, бұған дейін, Ә. Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралған болатын.

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты бақылауда. Бүгінде биылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында барлық салада кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Қала бюджетіне 645,2 млрд.теңге жоспарланған болса, оның 92,8 млрд.теңгесі республикалық бюджет есебінен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 574,1 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 100,3% құрады. Қала аумағында бүгінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл 18 500 орындық 18 мектеп  пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толығымен шешіледі. Бүгінде 9 мекеменің білім  ғимаратына күрделі жөндеу жұыстары жүргізілуде. Барлық құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, нысандардың қыркүйекке дайындығы қатаң қадағалауда.

Алдыңғы пост
«Қызғаныш себеп болған». Алматылық әйелді танысы өлтіріп кеткен
Келесі пост
Флорист жігітті соққыға жыққан экс-полицейдің тағы бір видеосы пайдаболды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu