337
Қарағандыда «Мәңгілік алау» мемориалы аумағындағы шыршаларды жергілікті тұрғын кесіп әкеткен. Бұл туралы полицейлерге куәгер хабарласып, белгісіз адамның екі шыршаны кесіп жатқанын хабарлаған.
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Күдікті ұрланған шыршаны жаңа жыл қарсаңында сатпақшы болған. Ол өз кінәсін мойындады. Айғақ заттар тәркіленді.
Полицейлер осы іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.