Әлем чемпионы Махмұд Сабырханға 2 бөлмелі пәтер кілті табысталды

462

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысын қабылдады.  Шаһар басшысы оларды дүбірлі додадағы жеңіспен құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.

Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер кілтін, ал жаттықтырушысына 5 млн теңге ақшалай сыйлық табыстады.

Айта кетейік, Шымкент қалалық «Кәсіпқой бокс түрлері клубының» спортшысы Махмұд Сабырхан 54 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Ол Венгрия, Үндістан, Гана, Куба елінің спортшыларын жеңіп, финалға шыққан болатын. Шешуші сәтте рингке өзбекстандық боксшы  Ойбек Жураевты тізе бүктірді.

Әлем чемпионатында ҚР ұлттық құрамасы 4 алтын, 1 күміс жүлде олжалап, жалыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.

Жалпы алғанда елімізде спортқа жақсы көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ұлттық спортқа жанашырлық танытып, сан түрлі іс-шаралар өтуде.

Мәселен, өткен аптада Шымкент қаласының ипподром алаңында Ұлттық ат спорты бәйгесінен ҚР чемпионатының аймақтық  іріктеу турнирі болып өтті. Ат спорты біздің ұлттық генетикамыздың белгісі, өткен мен бүгіннің сабақтастығының көрінісі. Шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жиналған жанкүйерлерді аламанның ашылуымен құттықтады.

Қаламызда ұлттық спорт түрлері бұқаралық сипат алған. Қазір 20 мыңнан аса спортшы ұлттық спорт түрімен шұғылданады.

– Біздің спортшылар өткен жылы Әлем, Азия және ел чемпионаттары мен кубоктарындағы медальдер саны бойынша республика бойынша көш бастады. Бүгінгі республикалық бәйге жарысы да  мегаполисіміздің мерейін асырып, ұлттық спорттың өркендеуіне мол мүмкіндік береді деп сенемін, – деген Мұрат Дүйсенбекұлы дүбірлі додаға қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.

Турнирде ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Т.Есентаев және республикалық «Бәйге» федерациясының президенті Қ. Көпбаев қонақ ретінде келді, сондай-ақ, бәйгеде 65 сәйгүлік пен шабондоз додаға түсті.

Аламан бәйгеде оза шауып, жиырма бір шақырымдық жолда желдей жүйріктік танытқан елордалық Бақыт Торғаев, Қыран есімді сәйгүлігімен бірінші орынды қанжығасына байлады.

Он төрт шақырымдық топ бәйгеден Ұлытау атты тұлпары бар Нұрдәулет Әкімжанов бірінші орынды иеленді. Сайыстың соңғы сатысы сегіз шақырымдық құнан бәйгеде шымкенттік Шағала атты жүйріктің иесі Бекжан Қоржынбаев бірінші орынға лайық деп табылды.

Алдыңғы пост
Шымкенттіктер арасында сұранысқа ие үш “отбасылық” Мемлекеттік қызмет
Келесі пост
Шымкентте соттар таратылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu