Оңтүстік айналма жолы – транзиттік көліктердің қала сыртымен жүруіне мүмкіндік береді

215

Шымкент қаласы маңындағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы салынуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған жол құрылысының қарқынын қадағалады. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды.

Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Жоба бойынша көшенің ені 9 метрді құрайды. Бүгінде Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі дайындалған. Жол құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып отыр. Бұл жоба қаламыздың инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы қажетті жобаның бірі болып есептеледі.

Нысан басына барған Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың сапалы орындалуын басты назарға алуды және жоспарға сай жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды. Нақтырақ айтар болсақ, Ташкент – Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына барып, жұмыс барысын бақылады. Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары мен Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Биылғы жылдың шілде айында Ынтымақ шағын ауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қамтитын 2-ші кезеңі толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр. А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын  автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тротуар салу, көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды.

Қала әкімінің айтуынша, салаға ауқымды қаражат қажет етуіне байланысты ірі жобалар кейінгі жылдарға шегеріліп келді. Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемін биыл 38,0 млрд теңгеге жеткізіп, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайтылған.

Алдыңғы пост
Бір өңір-бір бағыт: жаңа оқу жылына қойылатын маңызды міндеттер айқындалды
Келесі пост
А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu