318
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Оңтүстіктен солтүстікке көшу бағдарламасы дұрыс нәтиже бермеді деп отыр. Яғни, кейбір өңірлерде түрлі қиындықтар туындаған. Нақтырақ айтар болсақ, әлеуметтік-демографиялық және экономикалық мәселелер орын алған.
“Осы орайда қазір Сенатта қаралып жатқан Көші-қон туралы жаңа заң еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру үшін жаңа ынталандыру шараларын қарастырады деп сенеміз. Сонымен қатар, осы бағытта басқа да іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет. Сондай-ақ, демографиялық жағдайды ескере отырып, әлеуметтік, транспорттық және инженерлік инфрақұрылымның да тиісті деңгейде дамуын қамтамасыз ету керек”, – дейді Мәулен Әшімбаев.