420
Шымкентте қоғамдық автобустарда мектеп жасындағы қыздардың көзінше өзін-өзі қағанаттандырған ер адам ұсталды. Ол Шымкентте тұратын 1989 жылы дүниеге келген жас жігіт болып шықты. Әзірге оның жас қыздардың көзінше мұндай оғаш әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Оны полицейлер анықтайтын болады.
Ұсталған азамат осыған ұқсас екі оқиғаға қатысы бар деп күдіктелуде. Екеуі де жас қыздардың көзінше болған. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін шымкенттік екі оқушының аналары белгісіз ер адамның қоғамдық автобустарда оғаш әрекет жасап, қыздарын шошытқаны туралы айтқан болатын.