«Серпін» бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар биылдан бастап өзгереді

Теги: , ,
380

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи университетінде мектеп бітіруші талапкерлер үшін «Серпін» бағдарламасымен таныстыру көрмесі өтті.

Көрмеде Батыс Қазақстан, Қарағанды, Екібастұз, Көкшетау, Атырау және т.б өңірлерден келген жалпы саны 18 университеттің өкілдері қатысты. Олар түркістандық талапкерлердің білім беру ерекшеліктері, мүмкіндіктері, факультеттер мен мамандықтар, оқу ақысы, шәкіртақы мәселелері сияқты маңызды сауалдарына жауап берді.

Түсіндіру жұмыстары кезінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің бас сарапшысы  Әділбек Мансұров бағдарламаға енгізілген өзгерістер мен қойылатын талаптар туралы айтып берді.

«Бұл бағдарламаға 2023 жылдан бастап жаңа жүйелер енгізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін «Серпін» бағдарламасы бойынша тегін білім алған студенттер оқу бітіргеннен кейін оқыған өңірлерінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттелген болса, ендігі уақытта талап өзгеріп еңбек өтеу мерзімін азайтып, екі жыл жұмыс істеу міндеттелді. Сондай-ақ, жас мамандар тек оқыған өңірінде ғана емес, солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне қарасты 11 аймақта жұмыс істеуіне болады», – деді бас сарапшы.

Алдыңғы пост
Шымкентте «Hyundai Starex» көлігі түгі қалмай жанып кетті
Келесі пост
Кәсіпкерден жарты млн теңге бопсалағандар ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu