326
Павлодарда Астана–Ерементау-Шідерті трассасында жол апаты болды. ВАЗ – 217030 автокөлігін тізгіндегі 31 жастағы жүргізуші көлікке ие бола алмай аударылып кеткен. Салдарынан ауыр дене жарақаттарын алған 34 жастағы жолаушы мерт болды.
Қазіргі таңда бірқатар сараптамалар тағайындалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.