Референдум-халық пен билікті бір мүддеге жұмылдырмақ!

150

Бүгінде елдің  көптен күткен саяси кезеңі орын алып, әлеуметтің әлеуеті артатын кезең бастау алмақ. Елдегі саяси жүйе референдум арқылы мемлекеттік басқару жүйесіне деген халықтың көзқарасы өзгерді және қоғамның қозғалысы байқалды. Әсіресе, әлеуметтің әлсіз топтарының сұранысы қанағаттандырылды, бұқара мен билік ортасында сенім пайда болды. Соның бірі: Мәжіліс және мәслихат сайлауы. Бұл процестің де бұрынғы кезеңдерден едәуір ерекшелігі байқалады. Құқықтық талап  тілектері орындалмаған халық -өзінің мемлекетке қарсылығын білдіріп қана қоймай, саяси қиындықтардың да орын алуына ұласатынын көзіміз көрді. Бұл да бір үлкен сабақ болды. Тағы бір ескеретін жәйт, референдум кезеңі барысында тұрғындардың ынтымағы жарасып, Шымкент қаласының дауыс беру көрсеткіші де жоғары болды.

  “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы, әлеуметтік-экономикалық жаңғырту, “Азамат – Бизнес – Мемлекет” триадасындағы қатынастарды қайта құру, мүмкіндіктер теңдігі мен баршаға әділеттілікті қамтамасыз ету. Жоғарыда айтылған осы іргелі өзгерістер Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ойластырылып, дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді.

Барлық өзгерістер тек азаматтық бейбітшілік пен ішкі саяси тұрақтылықтың арқасында мүмкін болмақ. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған “Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты жолдауына сәйкес Халықтың бірлігі әрқашан біздің ең маңызды құндылығымыз боп қала бермек.

Реформаның ең негізгі мақсаты: Конституциялық Соттың құрылуы және құзіретінің күшейтілуі, Президент билігінің көп тармақтарын Парламентке беру болмақ. Осының бәрі азаматтық және әділетті қоғам құрудың  тікелей мүмкіндігі. Бұл құрылым арқылы халық өз шындығын жеткізе алады.

Тағы бір жаңа өзгеріс: Мәслихаттың имиджін көтеру мәселесі. Себебі, өңір немесе қала әкімдерін тағайындау кезінде екі үміткердің бірін таңдау және оған дауыс беру депутаттардың құзырына берілді. Бұл демократиялық принциптердің негізінің бірі.

Халықтың саяси көзқарасы мен мәдениеті өзгерді, көп партиялық пайда болды және өз бағдарламаларын ұсынып, қоғамда бәсекелестік пайда болды. Әр өңірдегі жұртшылықтың қай бағытта өмір сүргісі келетіні және саяси ынтасы осы сайлаудан соң, партиялардың жинаған пайыз ұпайына қарай белгілі болады.

Сатқанбаев Еркін Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшесі

Алдыңғы пост
Инклюзивті экономика және әлеуметтік саясат. Жолдауда айтылған тұстар бойынша өзгерістер бар ма?
Келесі пост
Yandex Go қосымшасында арнайы мүмкіндіктер экраны пайда болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu