Үш ауысымды мектептер мәселесі бір жылдан кейін толығымен шешіледі

Теги:
394

Шымкентте үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен 2023 жылы шешу жоспарлануда. Бұл туралы үшінші мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов ағымдағы жылдың шілде айының басында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

“Білім беру жүйесіндегі орын тапшылығын жою мақсатында Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп салуды тапсырды. Тапсырмаға сәйкес Шымкент қаласында 101 мектеп салу көзделген. 2021 жылы 25 мектеп пайдалануға берілді, 2022 жылы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны тоғыздан беске дейін, ал бейімделген мектептер саны төрт – үшке дейін азаяды. 2023 жылы қалада үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілетін болады”, – деп атап өтті Мұрат Әйтенов.

Статистикалық деректерге сүйенсек, қалада жыл сайын оқушылар саны 12 мыңнан астам балаға артып келеді. Бұл мәселені шешу үшін Шымкентте жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізу арқылы қаланың орта білім беру саласындағы жекеменшік мектептер желісін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жекеменшік мектептердің үлесі өсуде: биыл пайдалануға берілген 24 мектептің 20-сы бизнес-инфузия есебінен пайда болады.

Нұрсат шағын ауданының Нұр-сұлтан даңғылында орналасқан 300 орындық “Жас-Дарын-5” жекеменшік мектебі биыл пайдалануға беріледі. Ғимарат үш қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, конференц-зал, спорт залы және медициналық кабинет бар.

Қаратау ауданының Бозарық шағынауданында 240 орындық “Жас-қанат” және Қаратау ауданының Достық шағынауданында 300 орындық “Жан-Нұр” жекеменшік мектептері өз есіктерін ашады.

Сонымен қатар, Асар шағын ауданында 500 орындық Keremet city, 240 орындық “Нұртас” зияткерлік жалпы орта мектебі және Ақжайық шағын ауданында PARASAT AJ мектептері салынуда.

Барлық мектептер заманауи жобалар бойынша, сапалы құрылыс материалдарынан жасалған.

Биыл қалада 34 мектеп салынуда. Кешенді жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін 86 079 орындық 101 мектеп салу жоспарлануда

Алдыңғы пост
Атырауда суға батып кеткен аудан әкімінің денесі табылды
Келесі пост
Шымкент әкімі әкімшілік-істерлік орталықтағы үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu