Мақтааралда дронның көмегімен үйінің ауласына есірткі еккен әйел ұсталды

Теги:
172

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, есірткі затын өсіру, баптау, тасымалдаумен айналысушаларды анықтау, жолын кесу мақсатында жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Полицияға мақтааралдық тұрғынның бірі өз ауласына есірткі өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша тіркеуге алды. Ақпаратты растау негізінде Түркістан облысы ПД-нің әуеге ұшатын камерасы (дрон) алдырылды. Аталмыш құрылғымен Мақтаарал ауданына қарасты елдімекендер мен «Сырдария» өзенінің жағалаулары, тоғайлы және егістік алқаптарында тексеру жұмыстары тыңғылықты жүргізілді. Соның нәтижесінде полицейлер ауласында есірткі егілген үйді анықтады» делінген Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Күдікті орта жастағы әйелдің ауласына тінту жүргізу барысында 3 түп есірткіге ұқсас өсімдік айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолданды. Нәтижесінде алынған зат «сора» есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда жалғызбасты әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте тауар өндірушілер тауарларды таңбалауды енгізуді қолдайды
Келесі пост
​Шымкент әкімі қала тұрғындарымен түрлі мәселелерді талқылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu