Шымкент тұрғыны дәмхананы тонап кетті

348

Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғыны дәмханаға шабуыл жасады. Оқиға Жамбыл облысы Қордай ауданында болған. «102» арнасына 37 жастағы әйел белгісіз ер адамның дәмхана есігінің терезесін сындыру арқылы заңсыз кіріп, күш қолдану арқылы әшекей бұйымдарын, кассада тұрған 13 мың теңгені, 5 дана алкоголь және темекі өнімін алып кеткені туралы хабарлаған. Жалпы келтірілген шығын құны 137 000 теңгені құрады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде  36 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады, қазіргі таңда ол Қордай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Айта кетейік, оның қылмысы дәмхана сыртындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Алдыңғы пост
ҰҚК: Елімізде теракт ұйымдастырмақ болған 19 адам қамауға алынды
Келесі пост
Жыл басынан бері 6,1 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu