Шымкентте 200-ден астам отбасы тұрғын үй көмегін алды

390

Шымкентте жыл басынан бері 200-ден астам отбасы тұрғын үй көмегін алды. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға жергілікті бюджет есебінен коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге 14 миллион теңгеге жуық жәрдем көрсетілген.

Тұрғын үй көмегін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тағайындайды. Өтінішті  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «e-gov» порталы арқылы жолдауға болады.

Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден артық баспанасы болмауы қажет. Әлеуметтік көмек түбіртек бойынша коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын отбасының бір айдағы жиынтық табысының 5 пайыздан астамын құраған жағдайда тағайындалады.

Көмекке мұқтаж азаматтар жеке басын куәландыратын құжат, жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер; банктік шот; коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; алдыңғы тоқсандағы түбіртектер мен телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесін тапсырулары қажет.

Елімізде баспананы қолжетімді ету – жергілікті әкімдік тарапынан жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспарлардың бірі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әл-ауқаттың тұрғын үй мәселесімен тікелей байланысты екенін және тұрғын үй құрылысы әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, экономикалық өсімнің локомотиві бола алатынын айтқан болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте соңғы жылдарда  арнайы бағдарламалар есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Үкімет  қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын  4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінде Тұран ықшам ауданында 18 үй, Бозарық мөлтек ауданында 54 үй, Ақжайық мөлтек ауданында 26 үй салынуда. Өндірістік кестеге сәйкес 67 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық баспаналар.

Алдыңғы пост
Әл-фараби ауданында 8 көше жарықтандырылды
Келесі пост
Петропавлда ер адам қаланы жарып жібермек болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu