Шымкентте басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

312

Шымкент қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы жемқорлық фактісі бойынша күдікті болып отыр. Антикор қызметкерлері сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшы құрамына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент  басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында жазды.

Басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде. Ал оның орынбасары мен бөлім бастығы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында жер учаскесін мемлекеттік алып қою кезінде бюджет қаражатымен кедергісіз ақы төлегені үшін кәсіпкерден 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Сот күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Алдыңғы пост
Елімізде әуе көлігін таңдайтын жолаушылар саны артқан
Келесі пост
Аңшы куәлігін беру электрондық форматқа ауыстырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu