Шымкентте кәсіпкерлердің салықты артығымен төлеп келгені белгілі болды

395

Шымкентте бірнеше кәсіпкер салықты артығымен төлеуге мәжбүр болған.

Кәсіпкерлер Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер жүгініп, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салықтарды есептеудің заңдылығын қарауды сұраған екен.

Антикордың ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, мән-жайды анықтау барысында Мемлекеттік кірістер департаменті салық ставкаларын сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларының жарнама алаңдарын асыра бағалауына байланысты есептегені белгілі болған. Департамент кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы хат жолдаған.

Бүгінгі таңда 100 мың теңгеден астам ақша қаражаты бизнес субъектісінің шотына қайтарылып үлгеріпті.

Антикордың ұсынысы бойынша сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алдыңғы пост
“Бастау-Бизнес”: өтеусіз грант иегерлерінің жобалары
Келесі пост
БҚО-да жол апатынан мотоциклші мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu