Міндетті әскери қызметті жою туралы петиция пайда болды

105

Қоғамда әскердегі орын алған өлім-жітім, ұрып-соғу сынды проблемалардың кесірінен, тұрғындар арасында сан түрлі пікір туындағаны рас. Көпшілік ата-ана, баласын мемлекетке сеніп тапсыруға қорқып қалған.

Осыған байланысты, елімізде әскери міндетті қызметті жою туралы петиция пайда болды. Автордың сөзіне сүйенсек, әскердегі олқылықтар, жазатайым оқиғалар әлсіз жүйенің салдары екен. Ол, петицияда әскерге міндеттеп әкетуді жоюға түрткі болатын мысалдарды келтірген.

Мәселен, «Дедовщина» сөзі көпшілікке танымал. Бұл ұғым астарында зорлық-зомбылық жатыр дейді автор. Яғни, толық психологиялық дайындықтан өтпеген әскерге шақырушылар, аға қызметкерлердің қысымына түсіп, зардап шегеді. Түбі суицидке алып келеді дейді.

Бұдан бөлек, кейбір сарбаздар анықталмайтын медициналық мәселелерге жиі тап болады. Яғни, әскердегі медициналық бақылау мен қауіпсіздік мәселесі де ақсап тұр.

Айта кетейік петиция 2024 жылдың 4 қазанына дейін талқыланады.

Ал, сіз қалай ойлайсыз?

Алдыңғы пост
Ұлттық құраманың еншісінде 25 медаль, оның ішінде 14-і алтын
Келесі пост
Балалар, достарын құл ретінде таныстырып, терезеден лақтырып жібермек болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu