Шымкентте перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері сотталды

387

Шымкент перинаталдық орталығының бұрынғы бас дәрігері Тимирхан Варзиловқа лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін 3 млн теңге айыппұл салынды. Дәл осындай айыппұл түріндегі жаза перзентхананың тағы бір қызметкеріне тағайындалды. Еңбекші аудандық сотының судьясы 2,9 млн теңгеге жуық заңсыз сыйлықақы алғаны үшін екі сотталушыны да кінәлі деп таныды.

“Сотталушылар Т.В. және С.Н. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар бола отырып, қызметтің мүдделеріне қарамастан, өздері үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында төленген сыйақылардан жалпы сомасы 2 880 000 теңгені заңсыз алған. Сол арқылы “Қалалық перинаталдық орталық” мекемесіне мүліктік зиян келтірген. Сотталушылардың кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сараптамалардың қорытындыларымен, маман мен аудитордың қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді”, – делінген соттың іс материалында.

Сот отырысында прокурор сотталушылардың әрқайсысы үшін екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал жәбірленушінің өкілі судьядан қылмыспен келтірілген мүліктік шығынның орны толтырылуына байланысты сотталушыларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.    

Сотталушы С.Н. кінәсін ішінара мойындаған, ал бұрынғы бас дәрігер өзінің кінәсі дәлелденбеуіне байланысты ақтауды сұрады.

“Сот Қылмыстық кодекстің 361-бабы 1-бөлігі бойынша сотталушыларды кінәлі деп таныды. Барлық жағдайларды ескере отырып, бұрынғы бас дәрігерге 3 197 772 теңге, ал екінші сотталушыға 3 087 504 теңге көлемінде айыппұл салынды”, – делінген сот шешімінде.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Жыл сайын Шымкент мектептері “PISA-Based Test for Schools” халықаралық зерттеуіне қатысады
Келесі пост
Кентауда онкологиялық ауруға шалдыққандар саны күрт өсіп барады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu