Шымкентте жыл басынан бері 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды

330

Халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе. Биыл Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары  бойынша 23 420 жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазіргі таңға Ұлттық жобалар мен жеке бастама негізінде 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Жыл соңынан дейін жалпы  57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделіп, бүгінгі таңға 22 мыңнан астам азамат қамтылған.  Кәсіпкерлікті дамыту  ұлттық жобасында кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту,  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биылғы жылдың 6 айында 6 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, Шымкентте 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдайды. Қала әкімі М.Әйтеновтің қаулысына сәйкес, бұл мақсатта 227 жұмыс орнына квота белгіленген. Бүгінгі күні 28 жұмыс беруші мекемеге 60 азамат жолданды. Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту ісінде «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының үлесі орасан. Орталық мамандары ерекше азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында қызмет көрсетеді.

Құрмантай Тұрысбек «Тең қоғам» орталығы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі. 21 жастағы жігіт 3-ші топ мүгедегі. Әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен ол қаладағы  №10-шы жалпы орта білім беру мектебіне жұмысшы болып орналасқан. Мектеп ауласында гүлдерді суғарып, көгалдандырумен айналысамын. Колледжде ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша білім алғандықтан қазіргі жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымы да өте ұйымшыл, мейірімді. Жұмысқа орналасуға көмек берген мамандарға алғысымды білдіремін,-дейді Құрмантай Тұрысбек.  «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының қызметкерлері мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастырумен қатар, ақпараттық-консультациялық көмектер, құқықтық және психологиялық кеңестер береді. Инватакси және әлеуметтік такси қызметі бойынша өтінімдерді қабылдайды.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша биыл 1 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Олар әлеуметтік жұмыс орындары, атап айтқанда жастар практикасы, қоғамдық және алғашқы жұмыс орны, «Күміс жас» жобасымен орналасты. Сонымен қатар 737 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданып, 35 азамат жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік грант бойынша комиссияның қорытындысымен оң шешім алған.

Алдыңғы пост
Базарқақпа тұрғын алабындағы көшелерге асфальт жол салынуда
Келесі пост
Қатерлі ісікпен есепте тұратын балаларға әлеуметтік көмектер төленуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu