Білім саласында жемқор өңірлер тізімі белгілі болды

187

Білім саласы бойынша жемқорлық фактілері жиі тіркелген өңірлер белгілі болды. Бұл тізімге Шымкент қаласы мен Түркістан облысы да енген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев орта білім беруді қаржыландыру кезінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге келісті. Мұндай шешім антикор мен министрліктің бірлескен отырысында қабылданды.Мұндай талдау жүргізуге білім беру саласындағы түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар себеп болған.

Агенттіктің мәліметінше, тек соңғы 3 жылда осы салада 300-ден астам жемқорлық құқықбұзушылық тіркелді. Оларды жасауда 200-ге жуық адам әшкереленді.

Жалпы қылмыстар республиканың барлық өңірлеріне тән бола тұра, олардың ең көп саны Шымкент қаласына, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарына тиесілі.

Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен Талдықорған қаласының білім беру саласының қызметкерлеріне қатысты соңғы резонанстық істер елеулі жемқорлық схемаларының бар екендігін растайды.

Алдын ала зерттеу барысында қаражатты ұрлау бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру сатысында жүретіні анықталды. Бұл ретте мектептердің, білім бөлімдерінің жауапты қызметкерлері және басқа да адамдар сөз байласады.

Қаржыландыруды алғаннан кейін қаражат қалалық, аудандық білім бөлімдеріне бөлінеді. Ал үнемделген сома еңбекақы төлеу қорына аударылады.

Тергеудің нұсқасы бойынша мұндай тәжірибе Талдықорған қаласының білім бөлімінің бас бухгалтеріне есепте жоқ адамдарға, үлестес тұлғаларға есептеу арқылы 2 млрд теңгеге жуық ақша ұрлауға мүмкіндік берді. Тінту барысында күдіктіден 1 млрд теңге сомасында ақшалай қаражат табылды және тәркіленді.Оның едәуір бөлігі шетел валютасында болды.

«Мұндай құқық бұзушылықтар бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тетіктерінің жетілмегендігі, білім беру қызметкерлерін орталықтандырылған есепке алудың болмауы және осы процестерді цифрландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде мүмкін болды», – деп атап өтті Асхат Жұмағали.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру саласындағы ағымдағы жағдайды өзгерту бойынша кешенді шаралар белгіленді.

Алдыңғы пост
Шымкентте көпқабатты тұрғын үй отқа оранды
Келесі пост
Шымкенттің бірқатар тұрғын алабында газ уақытша өшіріледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu