Шымкенттің намысын қорғайтын жас сарбаздар іріктелуде

220

Шымкент қаласындағы №127 орта мектебінде «Айбын – 2023» әскери-патриоттық жастар жиынының қалалық кезеңі бойынша мектеп оқушылары арасында әскери ойын түрлерінен іріктеу жарысы өтті.

Шымкент жастарын әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отан сүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық іріктеуден өткен  120 жас сарбаздан құралған 8 команда өзара бақ сынасты.

Сәуір айынан бастау алған бұл сайыста мектепішілік 30-мыңға жуық оқушылар,  бөліктік сайыстарда 12 мыңға жуық оқушылар, аудандық сайыстарға 3500-дей оқушылар іріктеліген болатын.

Ашылу рәсімінде №36 «Ерке-Наз» бөбек жай балабақшасының “Жас Сарбаз” бүлдіршіндер командасы өнер көрсетіп, қатысушылар мен қонақтарды тәнті етті.

Сайыскерлеге қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, қалалық «Қарулы Күштер» мен жергілікті соғыс ардагерлері мен қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының өкілі қатысушыларға сәттілік тілеген соң жас сарбаздар әскери ойынның әртүрі бойынша өзара бақ сынасты.

Әскери-патриоттық сайыс барысында жас сарбаздар АК-74 оқу қаруын жартылай бөлшектеу мен жинақтау, пневматикалық винтовкадан жатып ату, жалпы қорғаныс киімін уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета, кермеде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, арқан тарту кезеңдері бойынша бақтарын сынады.

Айта кетсек, 7 кезеңінен тұратын сайыста ең жоғары нәтиже көрсеткен жас сарбаздар ағымдағы жылдың маусым айында Қарағанды облысы, Спасск қаласында өтетін Республикалық «Айбын-2023» әскери-патриоттық жастар жиына қатысатын болады.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Еңбекші ауданынан Бауыржан Таскурмановтың жетекшілігімен дайындалған команда иеленсе, І орынды Тұран ауданының командасы,  ІІ орынды Әл-Фараби ауданының командасы және ІІІ орынды Қаратау ауданының командасы бөліп алды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Алдыңғы пост
Шымкенттің ең бақытты орталығы қандай жұмыспен айналысады
Келесі пост
Шымкент әуежайының екінші ҰҚЖ ұшақтарды қонуға қабылдай бастағаны белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu