Әскерге барып диплом ал: университетке түсетін алғашқы сарбаздар

249

Шымкенттегі механикаландырылған бригаданың мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері тегін жоғары білім алу құқығын пайдалануға дайындалуда.

Осы көктемде бүкіл ел бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген уақытын өтеген және орта мектепті бітіргені туралы аттестаты немесе техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар 3000-ға жуық әскери қызметші еліміздің 70-тен астам жоғары оқу орнына түсуге жеңілдіктерін алады.

Механикаландырылған бригадада осы көктемде 120 сарбаз мерзімді әскери қызметін аяқтайды, олардың арасында жауынгерлік дайындығы мен тәртібі үшін жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, жоғары білім алу құқығын пайдалануға шешім қабылдаған жауынгерлер бар.

Солардың бірі – қазір жүргізуші қызметін атқарып жүрген қатардағы жауынгер Нұрмұхаммед Авид. Қызмет аяқталғаннан кейін ол университетке “Спорт және туризм” факультетіне түсуді жоспарлап отыр.

– Мен армиядан кейін тегін жоғары білім алуға мүмкіндігім бар екеніне өте қуаныштымын. Ол үшін мен бір жыл бойы әскери борышымды адал орындадым, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, әрқашан алдыңғы шепте болдым және әскери тәртіпті қатаң сақтадым. Енді жақын арада мерзімді қызметімді аяқтағасын, мен өз арманымды жүзеге асырып, университетке түсе аламын, — дейді қатардағы жауынгер Нұрмұхамед Авид.

Жаңа бастамалар енгізілген сәттен бастап әскери бөлімдерде жоғары оқу орындарына түсуге үміткерлер үшін қажетті әдебиеттерді пайдалана отырып, білімдерін толтыру үшін жеке уақыт бөлінді. Сонымен қатар, кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында бөлімдерде әскери мектептен өткендер үшін түсу шарттары, мамандықтары, мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы ақпараты бар әртүрлі оқу орындарының буклеттері бар.

Айта кетсек, әскерден кейінгі азаматтарға арналған жоғары оқу орындарына түсу жеңілдіктерін алу үшін ХҚКО-ларда берілетін мерзімді әскери қызметті өткеру туралы анықтаманы және әскери билеттің көшірмесін қоса отырып, оқу орындарына құжаттар тізімін ұсыну жеткілікті.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Алдыңғы пост
Білім бөлімінің басшысы 543 млн тг жымқырды деген күдікпен қамалды
Келесі пост
Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu