Тұран ауданында 19 көшеге ирригациялау жұмыстары басталды

306

Миллион тұрғыны бар ірі қалаларда ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын көбейіп, арық-атыздар арнасынан тасып, кейбір көшелерді су алу қаупі кездеседі. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тұран ауданында 2023 жылы барлығы 41 көшеге 24,01 шақырым ирригация жүйесін салу жоспарланған.

Қазіргі уақытта аталған жұмыстар бойынша 19 көшеге құрылыс жұмыстары басталды. Атап айтар болсақ, Қазығұрт елді мекені және112 орам шағын ауданында ирригация жүйесін салу қарқын алды. Ал, қалған 22 көше бойынша мердігер мекеме анықталған соң, жұмыстар жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек, Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын. Мердігер мекеме 2021-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет  қаражаты есебінен кәріз желілерін тартуда. Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген.  Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % – дан 65  % – ға артатын болады.

Мирас-Шапағат-2 нысанында  жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 69% аяқталған. Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады.

Қазіргі таңда Шымкенттегі 81 шағын ауданның 24-і, 713,5 мың абонент кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Қазір қалада 2 магистральды кәріз коллекторының және 9 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл жыл қорытындысымен қала аумағында 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының орталық көшелерінде  қоқыс жәшіктері жаңартылуда. Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданы аумағындағы орталық көшелерге биылғы жылы 200 дана қоқыс жәшігі орнату жоспарланып, қазіргі таңда оның  40  данасы  жаңартылды.  Келесі жылы аудан бойынша 200 қоқыс жәшігін орнату жоспарланған.  Қоқыс жәшіктері қаламыздың көркіне сән беру мақсатында ерекше дизайнды, әрі көлемі үлкен етіп таңдалған.

Алдыңғы пост
Бес жылда жеті жүзден аса азамат тұрғын үй сертификатын алды
Келесі пост
М.Әйтенов: жол құрылысын жүргізуде инженерлік желілерді ескеру керек

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu