Бүгін, 2023 жылдың 19 қаңтары Қазақстан Қарулы Күштері тәрбиешілерінің институты құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде тәрбие құрлымдарының офицерлері әскери ортадағы моральдық психологиялық жағдайды қалыптастырып, әскери қызметтің беделін арттырып, әскери тәртіпті сақтауда және әрмен қарай нығайту ісінде ауқымды жұмыс атқарып келеді.
1993 жылдың 19 қаңтарында Президенттің Жарлығымен қазақ әскерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институты құрылды. Осы сәттен бастап Қарулы Күштердің қалыптасуы және дамуымен байланысты тәрбие жұмыстары органдарының тарихы бастау алды.
Осы орайда еліміздің Тәуелсіздігімен қатар құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерінің тәрбие құрлымдарының тарихына тоқталғым келіп отыр.
1997 жылы елімізде офицерлердің жетіспеушілігіне байланысты Петропавл қаласында офицерлерді дайындауға арналған Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің әскери училищесі құрылды. Аталмыш оқу орнында 2001 жылы тәрбиеші офицерлерді дайындайтын кафедра ашылып, қазіргі таңда көптеген офицерлерді білім нәрімен сусындатып, әскери өмірдің қыр-сырын үйретіп, адамгершілік, Отан сүйгіштік рухында тәрбиелеп өз жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінгі күні әскери оқу орнының түлектері Ұлттық ұланның Бас басқармасында, өңірлік қолбасшылықтарда, басқада әскери құрлымдарда өз қызметтерін обыроймен атқарып жүр.
Ұлттық ұлан әскерінің тәрбиеші офицерлерінің жас сарбаздар мен жас ұрпақтың әскери – патриоттық тәрбиесін қалыптастыруы бағытында алатын орны ерекше. Олар өз жұмыстарымен қатар шығармашылық бағытында да өздерінің өнерлерін халыққа паш етіп, ел тұрғындарының ыстық ықласына бөленіп келеді. Бұған дәлел ретінде Ұлттық ұлан Бас басқармасында жыл сайын Республика көлемінде өтетін гала концерт пен әскери кернейді атап өтуге болады.
Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан әскер қатарында тәрбие және идеологиялық жұмыстың біртұтас жүйесі қалыптасқанын сеніммен айтуға болады.
Әңгімемізді қортындылай келе барлық Ұлттық ұлан әскерінің тәрбиеші офицерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына береке, бақыт, Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін атқарып жатқан қызметтеріне табыс тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Капитан, Ертуған Әубакир