322
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 9 адам қайтыс болды.
Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан көліктер өртенген.
Жол-көлік оқиғасынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.
Оқиға орнында полицейлер жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді.