Түркістан облысында үшем дүниеге келді

360

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында алғаш рет үшем дүниеге келді. Үшемдер туылғанынан 4 күннен кейін №2 облыстық перинаталдық орталығына  ауыстырылған. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр болды.

Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем бір айдан астам уақыттан бері перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған.  Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетіп, тиісті шараларды қабылдады.  Қазіргі таңда ананың да, балалардың да жағдайы тұрақты.

Батыр ана бұған дейін 2 перзентті дүниеге әкелген. Енді көпбалалы аналардың қатарына қосылып отыр. Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне сән-салтанатпен шығарып салды.

Алдыңғы пост
Әскерге барып диплом ал: университетке түсетін алғашқы сарбаздар
Келесі пост
99 адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu