Түркістандық полицейлер қызғалдақ жұлғандарды анықтап жатыр

348

Түркістан облысының полицейлер Қызыл кітапқа енген «грейг» қызғалдақтарын жұлғандардың жеке басын анықтап жатыр.

Бірнеше адамның қызғалдақтарды жұлып алған кезінің видеоларын экобелсенді Ғани Назарбек Facebook парақшасында жариялады.

«Шымкент-Түркістан тас жолы бойы Темірлан ауылы маңында ҚР Қызыл кітабына енген «грейг» қызғалдақтарын жұлу орын алуда. Бұл жағдай қазіргі кезде облыс аумағында жаппай орын алып жатқан болуы мүмкін» деп жазды автор.

Белсенді облыстың бас полицейіне табиғи байлығымызды сақтап қалу үшін қызғалдақтардың тығыз шоғырланған аумақтарда арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Түркістан облысының Полиция департаментіндегілер әлеуметтік желіде пайда болған видеоны зерттеп, бейнежазбадағы тұрғындардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Осы ретте айта кетерлігі, «грейг» қызғалдақтары Қызыл кітапқа енгендіктен оны жұлғандарға  Қылмыстық кодекстің  339-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік  қарастырылған. Егер адамның кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алдыңғы пост
Қызылордада оқушылар төбелесі кезінде бір бала пышақ жарақатын алды
Келесі пост
«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu