376
Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу және Цинхай провинцияларында жер сілкінісі орын алып, қаза тапқандар саны артты. Ганьсу провинциясында қаза тапқандар саны қазір 105 адамға жетті, ал Цинхай провинциясында 11 адам қайтыс болды. Бұл туралы Қытай телеарналары хабарлады.
Магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жерасты дүмпулері Ганьсу провинциясының Цзишишань-Баоань-Дунсян-Салар автономиялық округінде тіркелді. Ошағы 10 км тереңдікте болған.
Қазіргі таңда, ҚХР Мемлекеттік кеңсесі зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету барысында. Сонымен қатар, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде