Жаңаөзен қаласында өз саласында елеулі жетістікке жетіп, жастар саясаты бағытында жасаған еңбегі мен атқарған қызметі үшін 15 аталым бойынша сала үздіктерін марапаттау шарасы дәстүрлі түрде биыл оныншы рет өткізілді.
Аталған іс – шараның мақсаты – түрлі салаларда жұмыс жасайтын дарынды жастарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау, жастардың рухын көтеріп ынталандыру, сондай – ақ Тәуелсіздік жылдарында өз ісінің шебері бола білген және адал қызметі арқылы ел дамуына үлесін қосып жүрген азаматтарды, жастарға үлгі етіп қоғамға кеңінен насихаттау.
Өткізілген шарада барлығы 15 – ке жуық номинация болды, оның ішінде білім және ғылым саласының мамандары, медицина, спорт және мәдениет, өнер және әдебиет саласының мамандары сондай – ақ құқық қорғау қызметкерлері қатысты.
2022 жылдың қортындысы бойынша «Үздік жас сарбаз» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінің қызметкері Жандос Төлеуұлы үздік деп танылды.
Салтанатты жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов жиналғандарды мерекемен құттықтап, үздік жастарға диплом, арнайы естелік мүсіндер мен сый-сыяпаттар табыстады.
Капитан,
Ертуған Әубакир