404
Бүгін Шымкент әскери сотында отан алдындағы борышын өтеу үшін барған 21 жастағы Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбайға үкім шықты. Олар, жарылысқа кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар, мемлекетке келтірілген залалды өтеу үшін екі азаматқа 24 млрд теңге төлеу міндеттелді.
Ал екі азамат, уақыт өтуіне байланысты кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды.
Айта кетейік, 2021 жылы 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт басталып, артынша оқ-дәрі жарылған бтын. Салдарынан, 17 адам қаза тауып, Олардың ішінде 10 адам төтенше жағдайлар қызметінің маманы болған. Сонымен қатар, 100-ге жуық адам жарақат алған.