359
Жамбыл облысы, Талас өзенінде суға батып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды.
Қайғылы оқиға 23 шілде күні болған. Төтенше жағдалар департаментінің дерегінше, 61 жастағы ер кісі 7 жасар немересімен бірге Талас өзеніне шомылуға барған. Алайда дәл сол күні сағат 17.30-дар шамасында Жас өркен ауылының тұрғындар егде жастағы кісінің мәйітін тауып, судан шығарған. Ал кішкентай қызды іздестіру жұмыстары жалғасты.
Мектеп оқушысын іздестіру жұмыстарына 74 құтқарушы мен 100-ден астам ерікті жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар да қыздың денесін іздеу жұмыстарына атсалысты.